Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Оқушылар сарайында кәсіби мереке — Қазақстан Республикасының Ветеринариялық қызметкер күніне арналған облыстық салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара аясында «СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ басшысы Ж. Қ. Әміржанов ветеринариялық қызмет мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Көпжылдық адал еңбегі үшін үздік мамандар марапатталды:

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен:

— Н. О. Алин – ветеринариялық фельдшер.

«Құрметті ардагер» медалімен:

— Б. Б. Мұханғалиев – ветеринариялық фельдшер.

Алғыс хатпен:

— Б. М. Кәрімов – «Жолдасбай-Агро» ШҚ ветеринариялық дәрігері.

Барлық әріптестерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Шын жүректен зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз.