Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылдың 16 сәуірінде Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясының қызметкерлері бекітілген көшелерді абаттандыру және қоқыстардан тазарту бойынша «Таза Қазақстан» акциясына қатысты.

Іс-шара барысында бірқатар жұмыстар атқарылды: бекітілген көшеде тұрмыстық қоқыс пен басқа да ластанулардан аумақты тазалау жүргізілді, тұрғындарға іргелес аумақтың тазалығын сақтау туралы хабарламалар таратылды, жиналған қоқыстар өз күштерімен тұрмыстық қалдықтар үйіндісіне шығарылды.