Медиа-жоспарға сәйкес ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ветеринариялық мамандары тұрақты негізде ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ақпараттық брошюралар таратып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жануар иелеріне аурулардың алдын алу шаралары түсіндіріліп, жануарлардың жоғары патогенді құс тұмауы және Ньюкасл ауру — алдын алу бойынша жадынамалар мен брошюралар табыс етілді. Аталған бағытағы жұмыстар жалғасуда. Аталған шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға және жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмауға бағытталған.


