Тексеру барысында кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен жұмыс кеңесі өткізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты мамандарға әдістемелік, заңгерлік, практикалық көмек көрсетілді және мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын қатаң сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ұйымның даму тұжырымдамасын жақсарту мақсатында, клиенттің мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру және клиентпен өзара қарым-қатынасты үнемі жақсартып отыру үшін мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде клиентке бағдарлану мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, ветеринариялық станцияға жүгінген жеке және заңды тұлғалар арасында ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары, «TortTulik» мобилді қосымшасына тіркелу және пайдалану жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кішкенекөл а., Бидайық, Ақтүйесай, Қаратерек, Амангелді, Көктерек, Телжан, Ақбұлақ, Қайрат, Қулыкөл және Қарасу ауылдық округтерінде болып, аудан әкімдерімен, мамандарымен, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Ветеринариялық станцияға жүгінген жеке және заңды тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес 2025 жылғы 2-8 қыркүйек аралығында ішкі бақылау қызметінің бас маманы Айжан Сарсинбайқызы Нұрбаева «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметіндегі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізді.




