Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылғы 21 сәуірде «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС негізінде «2026 жылы ірі қара малды қорғаудың практикалық шешімдері: бұзаулардың саулығы және шаруашылықтағы инфекциялық шығынды азайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария басқармасының мамандары, сондай-ақ өңірдің ветеринариялық станциялары мен шаруашылықтарының мал дәрігерлері қатысты.

Бұзауларды сақтау, аурулардың алдын алу және инфекциялық шығынды азайту мәселелері талқыланды. Мал шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін заманауи практикалық шешімдер ұсынылды.

Іс-шара «Univet» және «DOLLVET»компанияларының қатысуымен өтті.