Көрсетілім барысында Мемлекет Басшысының Жолдауында айтылған негізгі басымдықтар талқыланды, олардың қатарында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету және ветеринария саласына заманауи цифрлық технологияларды белсенді енгізу бар.
2025 жылғы 8 қыркүйекте «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК кәсіпорын мамандарының қатысуымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын онлайн-трансляциялау бойынша қарау өтті.


