2025 жылғы 25 сәуірде аудандық, ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандары мен ауыл шаруашылық жануарлады дауалау жөніндегі операторлары, комплаенс қызметі бойынша маманы, АЖС жүйесі операторларының қатысумен жұмыс жиналысы өткізілді.
Жинасытың күн тәртібі бойынша ветеринариялық станцияның директоры Н.Б.Мұхамеджаров сөз сөйледі:
- Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын уақтылы және сапалы орындау;
- Ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы сәйкестендіруді жүргізу және АШЖС жүйесіне уақтылы енгізу туралы, актілерді уақтылы тапсыру; (ветеринариялық фельдшер Ш.Б.Шаймерденова)
- Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары туралы – ветеринариялық анықтама беру, ветеринариялық паспортты беру және ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді жаңарту (түзету);
(комплаенс қызметінің маманы О.А. Мауль)
- Ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу туралы, «Солтүстік Қазақстан облысы соттарының 2023-2024 жылдарға арналған әкімшілік істер бойынша ақшалай айыппұлдар қолдану бойынша сот тәжірибесіне талдау» туралы да айтылды.
(комплаенс қызметінің маманы О.А. Мауль)
- Әр түрлі..
Барлық тыңдалған мәселелер бойынша ақпарат назарға алынып, нақты тапсырмалар мен нұсқаулар берілді. Аяқтау мерзімдері анықталды.