Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 жылдың 18 шілдесінде аудан әкімдігінің үлкен залында ветеринариялық қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Бейсембин, мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жанқиярлық еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданның эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдірді. Салтанатты жағдайда аудан әкімінің міндетін атқарушы А. Қ. Тілеуқабыловқа және Д. Г. Мейрмановқа құрмет грамоталарын, сондай — ақ Ж. Ж. Әлкеновке және Н. Б. Жанжігітовке алғыс хаттарды табыс етті.. Іс-шараға жергілікті және аумақтық ветеринария органдарының басшылары, қызмет қызметкерлері және шақырылған қонақтар қатысты.