«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
* Ветеринариялық анықтама беру
* Ветеринариялық паспорт беру
* Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)
Мемлекеттік қызметтер ТЕГІН, ауыл шаруашылығы жануары иесінің өтініші бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде. Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық станция ғимаратында ақпараттық стенд, брошюралар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы өтініштердің үлгілері және оларды көрсету тәртібі бар.
Мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00 – ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушіге жүгіне алады.
Құрметті Уәлиханов ауданының тұрғындары, мемлекеттік қызметті алу үшін Сіз ауылдық округтердің ветеринариялық пункттеріне немесе «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-не жүгіне аласыз, біз Кішкенекөл ауылы, С.Мәликов көшесі, 124 мекенжайындамыз.