Қоғамдық кеңестің отырысы
Ағымдағы жылдың 17 ақпанда Уәлиханов аудандық әкімдігінің кіші залында төраға С. К. Ташкиннің басшылығымен Қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ бас маманы Н.Г. Жакин қатысты.
Ветеринариялық станцияның директоры Н.Б.Мұхамеджаров «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру», «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» ветеринариялық станциясымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және » СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратпен сөз сөйледі. Кездесу барысында қатысушылармен сұрақтар қойылды, оған басшымен толық жауаптар берілді.