Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу
Ит — адамның досы. Бірақ сыртқа шыққанда үй жануары ашуланып, жабайы жүгіреді, жаңа ортаға бейімделеді немесе өледі. Көбінесе үй жануарларының иелері басқа тұрғылықты жерге көшкен кезде үй жануарларын көшеге қалдырады, бұл қаңғыбас жануарлардың көбеюіне әкеледі. Бұған жол бермеу үшін үй жануарларын баспанаға орналастыруға болады, онда уақыт өте келе олар үшін жаңа иесі табылады.
Сонымен қатар, қаңғыбас иттер мен мысықтар үш жүзге жуық аурулардың қоздырғыштарының көзі болып табылады, олар: құтыру, токсоплазмоз, лептоспироз, дифиллоботриоз, трихиноз, эхинококкоз және т.б.
Көп жағдайда үйсіз жануарлардың пайда болуына адамдар жауапты.
«Қаңғыбас жануарлар» ұғымы — иесін анықтау мүмкін емес, иесінен қалып қойған, иесінің немесе жауапты адамның қадағалауынсыз жүрген иттер мен мысықтар.
Адамдар мен жануарларға қауiп төндiретiн қаңғыбас иттер мен мысықтарды ортадан алудың (аулау және өлтiру) мақсаты аса қауiптi жұқпалы аурулардың және тiстеу және адамға шабуыл жасау жағдайларының алдын алу және олардың таралуын болдырмау болып табылады.
Жиі таралған аурулардың бірі құтыру, қаңғыбас иттер мен мысықтар құтыру вирусының тасымалдаушысы және таратушысы болып табылады, байланыста болған кезде (шабуыл, тістеу) жұқтыруға әкеледі және адам мен жануарлардың денсаулығына зиян келтіреді.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және өлтіру, қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау, қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру, қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерильдеу иттер мен мысықтардың адамдардың денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар жасауға, санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз етуге және қаңғыбас жануарлардың санын бақылауға бағытталған.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, 4-тармақшасының 1-тармағына сәйкес: «Жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда» жануарларды өлтіруге жол беріледі.