Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды тексеру
Ветеринария басқармасы басшысының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 169 бұйрығымен бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2024 жылы 9-11 қыркүйек аралығында ішкі бақылау қызметінің бас маманы Азамат Әбілұлы Әбішев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізді. Тексеру барысында ветеринарлық станция мамандарымен жұмыс кездесуі және мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты мамандармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, «TortTulik» мобильді қосымшасын тіркеу және пайдалану бойынша Кішкенекөл а., Телжан селолық округінің Телжан а., Қаратерек селолық округінің Қаратерек а., Амангелді селолық округінің Тлеусай а., Көктерек селолық округінің Мортық а., Ақтүйесай селолық округінің Ақтүйесай а. әкімдерімен, әкім аппараттарының мамандарымен және тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Ветеринариялық станцияға жиі келетін жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.