Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында ағымдағы жылдың 27 ақпан күні аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері Ташкин Сайран Кенжетайұлы, Қойшыбаев Амангелді Төлегенұлы және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-нің бас маманы Н.Ғ.Жакин Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясына келді, онда комплаенс қызметінің маманы О. А. Мауль «Ветеринариялық анықтама беру» , «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету» мемлекеттік қызмет көрсету туралы айтып берді.

Сондай-ақ, өтініштер үлгілері бар стенд, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ұсынылып, Egov порталы арқылы кез келген басқа мемлекеттік қызметті алғысы келетін қызметалушылар үшін Интернетке қосылу компьютер орнатылған.