Күзгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар
Уәлиханов ауданының ветеринариялық мамандары ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы күзгі ветеринариялық — профилактикалық іс-шаралар жүргізеді (вакцинация, ауылшаруашылық жануарларынан қан алу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, жылқыларды таңбалау). «Ветеринария туралы»ҚР Заңының 25-бабына сәйкес иелерден өз Ауыл шаруашылығы жануарларын өңдеу үшін уақтылы ұсынуды және оларды жүргізуде ветеринариялық мамандарға жәрдем көрсетуді сұраймыз.