Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Құрметті Уәлиханов ауданының тұрғындары! Кәсіпорынның ветеринариялық мамандары ауылшаруашылық жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы көктемгі ветеринариялық -профилактикалық іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Емдеу шаралары ТЕГІН негізде жүргізіледі (вакцинациялау, ауыл шаруашылығы жануарларынан қан алу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру).

Ауданның эпизоотиялық әл-ауқаты, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі ветеринариялық емдеу шараларының уақытылы жүргізілуіне байланысты.

Өңдеу барысында түсіністік танытып, көмек көрсетуіңізді және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес жануарлар мен құстардың бар болуы, олардың алуы және қозғалысы туралы ауылдық округіңіздің ветеринариялық дәрігеріне жедел хабарлауыңызды сұраймыз.