«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Кәсіпорынның заңды мекенжайы, 151200, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Мәликов көшесі 124.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері мен қызметі
Кәсіпорын қызметінің мәні ветеринария саласындағы өндірістік — шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты — Уәлиханов ауданында ветеринариялық — санитариялық — санитарлық жағдайды қамтамасыз ету.
Предприятие келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
- жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
- жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөнінде қызметтер көрсету;
- жануарларды аулау, уақытша ұстау және өлтіру;
- ветеринариялық анықтама беру;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
- биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
- ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ветеринария саласындағы қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асырады.