Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу
«Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ветеринариялық мамандары тұрақты негізде үй құстары мен ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ақпараттық брошюралар тарата отырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Иелеріне аурулардың алдын алу шаралары түсіндірілді, жоғары патогенді құс тұмауы және Ньюкасл ауруы (ПСЕВДОЧУМА) алдын алу бойынша жадынамалар мен брошюралар табыс етілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.