2024 жылғы 20 желтоқсаныңда аудандық, ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандары мен ауыл шаруашылық жануарлады дауалау жөніндегі операторлары, комплаенс қызметі бойынша маманы, АЖС жүйесі операторларының қатысумен жұмыс жиналысы өткізілді.
Жинасытың күн тәртібі бойынша ветеринариялық станцияның директоры Н.Б.Мұхамеджаров сөз сөйледі:
- 2024 жылға арналған жұмыстарды аяқтау туралы;
- Кәсіпорынның жылдық қызметінің, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарының орындалу қорытындылары шығарылды;
- Барша әріптестерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барлығына зор денсаулық, бақ-береке, бейбіт аспан тіледі;
- Күн тәртібі бойынша комплаенс қызметінің маманы О.А. Мауль «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы — ветеринариялық анықтама, ветеринариялық паспорт беру және ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы», сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол бермеу туралы сөз сөйледі.