Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

16 қаңтарда өткен партиялық бақылау комиссиясының отырысында 2024 жылғы Жол картасы пункттерінің орындалу қорытындыларын шығарумен және 2025 жылға арналған партиялық бақылау жұмысының бағыттарын анықтаумен қатар, № 2 мектептің жанындағы Астана – Омбы қарбалас тас жолында мектеп автобусының тоқтап қалу жағдайына, сондай-ақ аудан орталығының оқу орындарының жанында қаңғыбас иттердің көп болу проблемасына ерекше назар аударылды.

Аталған проблемаларды жедел шешу үшін отырысқа барлық мүдделі тараптардың өкілдері шақырылды: Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі, АІІБ , білім бөлімінің, № 2 мектептің , ветеринариялық станцияның басшылары, сондай-ақ мектеп автобусының жүргізушісі.

Сұрақтар сол жерге барып қаралды, бұл барлық мәліметтерді ескеруге және оларды тиімді шешу үшін нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік берілді.