Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ветеринария қызметкерлері күніне орай «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ұжымы табиғат аясында жылы әрі ұмытылмас тимбилдинг өткізді.

Демалыс орны ретінде Ақмола облысы, Бурабай ауданы аумағында орналасқан, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан көрікті «Ақбура» паркі таңдалды.

Іс-шараға байланысты барлық шығындар Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағына кіретін Ветеринария басқармасының кәсіподақ комитетінің қолдауымен өтелді.

Мұндай іс-шаралар жағымды эмоциялар мен қуат сыйлап қана қоймай, ұжымды біріктіріп, бейресми жағдайда жақынырақ танысуға және жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

Позитивке толы көңіл-күймен шабыттанып, жаңа күшпен жұмысқа оралдық!