2024 жылдың 22 сәуірде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өкілдері Уәлиханов ауданына жұмыс сапарымен болды. Уәлиханов ауданының әкімі М.Т. Абдулов төрағалық еткен және Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы М.Қ.Ибраевтың, ауылдық округ әкімдерінің, Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясының директоры Н.Б.Мұхамеджаровтың ауылдық округтердің ветеринариялық мамандарының қатыстуымен жиын өткізілді.
Жиында мал өліктерін жинау және жою бойынша ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты сұрақтар қойылды. Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, оларды жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілді.