Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылдың 5 маусымында мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бақылау мақсатында Уәлиханов ауданы Қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Н.Б. Өмірзақов «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК арнайы жұмыс сапарымен барды. Комплаенс қызметінің маманы О. А. Мауль «Ветеринариялық анықтама беру» , «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсету туралы айтып берді.

Сондай-ақ, өтініштер үлгілері бар стенд, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ұсынылып, Egov порталы арқылы кез келген басқа мемлекеттік қызметті алғысы келетін қызметалушылар үшін интернетке қосылу компьютер орнатылған.