Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

25.05.2026 жылы «СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Іс-шара барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану ережелері, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар түскен жағдайда сақтық шараларын сақтау туралы ақпарат түсіндірілді.

Қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау және интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.