2024 ж. 18.01. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ.Әмержановтың жетекшілігімен жұмыс кеңесі өтті. Қатысушылар: әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Джетекенов А.Т., есепке алу және сәйкестендіру бөлімінің басшысы Тасболатов Н.М., Уәлиханов ветеринарлық станциясының директоры Мухамеджаров Н.Б., ауылдық округтердің ветеринарлары, ветеринарлық фельдшерлер, АЖС деректер базасының операторлары.
Жиын барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ.Әмержанов, есеп және сәйкестендіру бөлімінің басшысы Н.М.Тасболатов, әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы А.Т.Жетекенов сөз сөйледі.
- «ТоrtTulік» бағдарламасында жұмыс істеу туралы.
- Үй жануарлары және «Tanba» ақпараттық жүйесі туралы мәліметтерді енгізу туралы.
- Медиа-жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларды уақытылы жариялау туралы.
- Ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы.
- «eOtinish» АЖ-ға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы.
Жиын барысында бірқатар түйткілді мәселелер талқыланып, оларды жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілді.