Құрметті Уәлиханов ауданының тұрғындары! Кәсіпорынның ветеринариялық мамандары ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді жалғастырып жатқанын назарларыңызға жеткіземіз.
(Вакцинация, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру), өңдеу ТЕГІН негізде жүргізіледі. Ауданның эпизоотиялық саулығы, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі ветеринариялық өңдеулерді уақтылы жүргізуге байланысты. «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес өз ауылдық округінің ветеринариялық дәрігеріне жануарлар мен құстардың болуы, сатып алынуы және орын ауыстыруы туралы түсіністікпен қарауыңызды және өңдеулер жүргізу кезінде жәрдем көрсетуіңізді және уақтылы хабардар етуіңізді сұраймыз.




