Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Уәлиханов ауданының ветеринариялық мамандары ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізеді (бруцеллезге зерттеу үшін жануарлардан қан алу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, құлақ белгілерін ауыстыру).

Түсіністікпен қарап, өңдеуге көмектесуіңізді және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес жануарлар мен құстардың бар болуы, олардың алуы және қозғалысы туралы ауылдық округіңіздің ветеринариялық дәрігеріне жедел хабарлауыңызды сұраймыз.

Ветеринариялық қызметпен өзара тығыз байланыс орнату және ақпаратты уақтылы ұсыну эпизоотиялық тұрақтылықты сақтаудың, жануарлар мен халықтың денсаулығын қорғаудың маңызды шарты болып табылады.