Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Көктемгі ветеринариялық профилактикалық іс – шараларды өткізу

Құрметті Уәлиханов ауданының тұрғындары! Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы ШЖҚ МКК мамандары ауылшаруашылық жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Емдеу шаралары ТЕГІН негізде жүргізіледі (туберкулезгеден аллергиялық сынама алу, қан алу, вакцинациялау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру).

Ауданның эпизоотиялық әл-ауқаты, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі ветеринариялық емдеу шараларының уақытылы жүргізілуіне байланысты.

Өңдеу барысында түсіністік танытып, көмек көрсетуіңізді және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес жануарлар мен құстардың бар болуы, олардың алуы және қозғалысы туралы ауылдық округіңіздің ветеринариялық фельдшерлерге жедел хабарлауыңызды сұраймыз.