2025 жылғы 24 ақпанда аудандық, ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандары мен ауыл шаруашылық жануарлады дауалау жөніндегі операторлары, ҚР АШМ ВБ және ҚК АТИ басшысы, АЖС жүйесі операторларының қатысумен жұмыс жиналысы өткізілді. Жинасытың күн тәртібі бойынша ветеринариялық станцияның директоры Н.Б.Мұхамеджаров сөз сөйледі:
- 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында көктемгі ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың орындалуы туралы;
- Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарын уақтылы және сапалы орындау;
- Ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы сәйкестендіруді жүргізу және АШЖС жүйесіне уақтылы енгізу туралы, актілерді уақтылы тапсыру (ветеринарлық фельдшер Ш.Б.Шаймерденова);
- Мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету туралы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу (комплаенс қызметінің маманы О.А. Мауль);
- Әр түрлі..
Кеңес қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді.