Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жұмыс қеңесі

 

2024 жылғы 26 қыркүйекте Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясының директоры Н.Б. Мұхамеджаровтың басшылығымен жұмыс кеңесі өтті.

Қатысқандар: ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандары, ауыл шаруашылық жануарлады дауалау жөніндегі операторлары, АЖС жүйесі операторлары, комплаенс қызметінің маманы қатысты.

Жинасытың күн тәртібі бойынша ветеринариялық станцияның директоры Н.Б.Мұхамеджаров сөз сөйледі:

  1. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы күзге ветеринариялық алдын алу іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау туралы;
  2. Ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы сәйкестендіруді жүргізу және АШЖС жүйесіне уақтылы енгізу туралы;
  3. Күн тәртібі бойынша ветеринариялық станциясының фельдшері Ш.Б. Шаймерденова «Ағымдағы айдың әрбір 25-күнінде ветеринариялық өңдеулерді уақтылы жүргізу және ветеринариялық актілерді тапсыру туралы» ақпараттандырды;
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ішкі құжаттар туралы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ұжымға түсіндіру, қызметтік жалған, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, парақорлыққа делдалдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалау туралы. (О.А.Мауль);
  5. Ветеринариялық паспорт беру, «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсетудің басты қағидаттары мен тәртібі туралы; (О.А.Мауль).