2024 жылғы 26 тамызда Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясының директоры Н.Б. Мұхамеджаровтың басшылығымен жұмыс кеңесі өтті.
Қатысқандар: ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандары, ауыл шаруашылық жануарлады дауалау жөніндегі операторлары, АЖС жүйесі операторлары, комплаенс қызметінің маманы қатысты.
Жинасытың күн тәртібі бойынша ветеринариялық станцияның директоры Н.Б.Мұхамеджаров сөз сөйледі:
- Жоспарлы күзгі ветеринариялық — профилактикалық іс — шараларды өткізу туралы;
- «TortTulik» бағдарламасындағы жұмыс туралы;
- Ветеринариялық — профилактикалық іс — шаралар жоспарының орындалуын талдау, өлес енгізу, құжаттама, есептілік жүргізу. (Ш.Б.Шаймерденова);
- Комплаенс қызметі бойынша маманы О.А.Мауль «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы — ветеринариялық анықтама, ветеринариялық паспорт беру және ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» және, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалау туралы.