25 жылғы 31 наурызда «Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК ветеринариялық мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдерімен Кішкенекөл ауылдық округінде Үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ үй жануарлары иелерінің жауапкершілік деңгейін арттыру болып табылады. Жануарлардың иелеріне ақпараттық жаднамалар таратылып, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын сақтау, сондай-ақ иттер мен мысықтарға чип салу бойынша кеңестер берілді.
