2025 жылғы 31 наурызда есепке алу және бірдейлендіру бөлімінің басшысы Бекетов Думан Таңатарұлы аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының ветеринар мамандарымен «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары» тақырыбы бойынша (ҚР АШМ 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы) құқықтық жаппай оқыту өткізді. Іс-шара барысында бұйрықтың негізгі ережелері қаралды. Құқықтық аспектілер егжей-тегжейлі түсіндіріліп, заңнамадағы маңызды өзгерістерге және мамандардың жұмысында ескерілуі қажет талаптарға назар аударылды. Талқылау барысында қатысушылар «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінің жұмысына қатысты бірқатар сұрақтар қойды, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
