Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының өкілдері Уәлиханов ауданына жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында төрағалық еткен Уәлиханов ауданының әкімі м.а. Д.М Бейсембинмен., Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Р.Қ.Ибраевтың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің СҚО аумақтық инспекциясы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі басқармасының басшысы З.А.Жомартованың, ауылдық округ әкімдерінің, Уәлиханов ветеринариялық станциясының директоры Н.Б.Мұхамеджаровтың, ауылдық округтердің ветеринария мамандары және жергілікті шаруа қожалықтарының қатыстуымен өткізілді.

Жиында «Torttulik» мобильді қосымшасы бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мал сою пункттеріне қатысты мәселелер көтерілді. Малды сатып алу және сату үшін QR коды пайдаланылады, ол өз кезегінде сатылатын мал туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда арнайы мал сою бекеттерін ашу қажет.

Жиын барысында бірқатар түйткілді мәселелер талқыланып, оларды жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілді.