Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 26 ақпанда Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясының директоры Н.Б. Мұхамеджаровтың басшылығымен жұмыс кеңесі өтті.

Қатысқандар: ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандары, ҚР АШМ ВБ және ҚК АТИ басшысы, ауыл шаруашылық жануарлады дауалау жөніндегі операторлары, АЖС жүйесі операторлары, комплаенс қызметінің маманы қатысты.

Жинасытың күн тәртібі бойынша ветеринариялық станцияның директоры Н.Б.Мұхамеджаров сөз сөйледі:

  1. «Torttulik» ауылшаруашылық жануарларының иелеріне арналған мобильді қосымша туралы;
  2. Аса қауіпті ауруларға қарсы көктемгі ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы;
  3. Үй жануарларын чиптеу және «Tanba»АЖ-да жұмыс істеу туралы;
  4. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы (Ш. Б. Шаймерденова);
  5. «Ветеринариялық паспорт беру», «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы(О.А.Мауль);

Комплаенс қызметінің маманы қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексімен таныстырды. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары мен талаптарын түсіндірді.