Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 2 ақпанында Уәлиханов ауданының ветеринариялық станциясының директоры Н.Б. Мұхамеджаровтың басшылығымен жұмыс жиналысы өткізілді.

Қатысқандар: ауылдық округтерінің ветеринариялық мамандары, ауыл шаруашылық жануарлады дауалау жөніндегі операторлары, АЖС жүйесі операторлары қатысты.

Жинасытың күн тәртібі бойынша ветеринариялық станцияның директоры Н.Б.Мұхамеджаров сөз сөйледі:

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы туралы;
  2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспарын орындау туралы ( Шаймерденова Ш.Б.);
  3. Үй жануарларын чиптеу және «Tanba» АЖ жұмысы туралы;
  4. Қатаң есептілік құжаттама жүргізудегі дұрыстығы туралы;
  5. Комплаенс қызметі бойынша маманы Мауль О.А. «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы — ветеринариялық анықтама, ветеринариялық паспорт беру және ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» және, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалау туралы.