2024 жылғы 13 ақпан күні Уәлиханов ауданының қоғамдық кенесінің отырысы өтті. С.Д.Қимановтың төрағалығымен өткен отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты. Ветеринариялық станциясының директоры Мұхамеджаров Н.Б. ветеринария саласында жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар туралы, «Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» ветеринариялық станциясы көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы баяндама жасады. Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша ветеринариялық станция директоры барлық сұрақтарға жауап берді.